АҚШ пен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп жатыр.

Бұл туралы Кремль басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлаған. Әзірге басқа ақпарат айтылмай тұр. Естеріңізге сала кетейік, Путин мен Трамп 4 маусымда сөйлескен. Әңгіме ауаны Ресей-Украина қақтығысы және Ресей мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы болды.