Үндістанның оңтүстігінде фармацевтикалық кәсіпорында жойқын жарылыс болды.

"Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің мәліметі бойынша, 8 адам мерт болды. Тағы бірнешеуі жараланды. Төтенше жағдай Телингана штаттының орталығы Хайдарабадтан 50 шақырым жерде орналасқан өндірістік аймақта болған. Қаралы тізім әлі толығуы мүмкін. Өйткені жараланғандардың кейбірінің хәлі мүшкіл. Жарылыс кезінде зауытта 150 адам жұмыс істеп жатқан. Апат себебі әзірге белгісіз. Үндістан медициналық препараттардың ірі өндірушісі саналады. Мұнда қауіпсіздік талаптары сақталмағандықтан, фармацевтикалық кәсіпорындарда апат жиі болады, дейді сарапшылар.