Алматыдағы Сайран көлінде тағы бір адам суға батып кетті , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін 2007 жылы туған жасөспірім "Шомылуға тыйым салынған" деген ескерту белгісі орнатылған жерге суға түскені және із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнына дереу сүңгуірлер жеткен. Кейін жасөспірімнің денесі табылды.
Сол күні кешке сағат 19:26-да Сайран көлінен 1977 жылы туған ер адамның денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам шомылуға тыйым салынған жерде мас күйінде суға түсіп, батып кеткен.
Алматы ТЖД өкілдері Сайран көлінде құрылыс, санитарлық жұмыстар аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілгенге дейін шомылуға қатаң тыйым салынатынын ескертті. Тыйымды бұзған жағдайда азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады, соның ішінде айыппұл салынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!