Өзбекстанда электр қуаты мен газды ұрлап жағатындарға тоқтау болмай тұр. Жыл басынан бері табиғи газ бен энергияны заңсыз пайдаланудың мыңнан аса фактісі тіркелген. Мемлекетке келген шығын 470 миллиард сумнан асады. Бұл шамамен 37 млн АҚШ доллары. «Узэнергоинспекция» таратқан мәліметке сай тиісті тексеру шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ұсталғандарға қомақты айыппұл салынып жатыр. Әйтсе де, жөнсіз әрекеттер тиылар емес. Бұған энергоресурстар тарифінің үздіксіз қымбаттауы әсер етіп жатқан сыңайлы. Жылу мен жарық құны елде жыл сайын көтеріліп жатыр. Биыл бес айда энергия мен газды пайдалану ережесін бұзғандарға қатысты 1 788 әкімшілік іс қозғалған. Олардың арасында заңды тұлғалар да аз емес. Енді пысықайлар заң алдында жауап береді.

Базаркүл Отыншиева