Енді оқу орындары мен медицина мекемелерінің жанынан құрылған қайырымдылық қорлардың жұмысына аудит жүргізіледі. Сенат бүгін эндаумент қорлар туралы заңды мақұлдады. Бұрын мұндай қорларда жиналған қаржының қайда жұмсалып жатқаны мүлде қадағаланбайтын. Салдарынан демеушілер көмек шын мұқтаж жанға жетпей қалады деп әлеуметтік жобаларды қолдауға құлықсыз болды. Енді эндаумент қорлардағы кіріс пен шығысты арнайы ұйымдар бақылайды. Айта кетейік, қазір елімізде 22 эндаумент қоры бар. Ондағы қаржы ауыр дертке шалдыққан науқастарды емдеуге, дарынды жастарды қолдауға, спорт кешендері мен мәдени орталықтарға қажетті жабдықтарды алуға жұмсалады.

Жанел Өтеулі