Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтен отбасында ақшаны кім ұстайтыны және Қазақстанда тамақ қымбаттағанын біліп-білмейтіні жөнінде сұралды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

"Отбасылық бюджеттің көп бөлігін жұбайым ұстайды. Себебі, біріншіден, ол декретте отыр, уақыты көбірек. Қайдан сатып алу керек, не сатып алу керек, қалай арзанырақ алу керек, бару немесе онлайн тапсырыс беру — бәрін жақсы біледі", — деп жауап берді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы мұның қазақы менталитеттің ерекшелігі екенін айтты.

"Бұл — қалыпты нәрсе. Шығынды бақылап отырамыз, ештеңе білмейді деуге де келмейді. Бірақ күн сайын "Қанша жұмсадың? Қандай сүт сатып алдың, қанша пайыз майлы?" деген әңгіме жоқ. Менің ойымша, бұл — рөлдерді дұрыс бөлу", — деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget