Ол Dai Dai атты әннің Әлем чемпионатының ресми әні екенін және 14 мамыр күні шығатынын жазды.
Шакира бейнероликті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бейнежазба аты аңызға айналған “Маракана” стадионында түсірілген. Кадрларда Шакира жарқын образда көрініп, қарқынды хореография орындайды. Мұндай би нөмірлері әншінің өзіндік стиліне айналған.
Әншінің киімі көпшіліктің назарын аударды: клипте ол Колумбия құрамасының формасын еске салатын көк-сары түсті киіммен шыққан.
Шакира бұған дейін де әлем чемпионатының музыкалық символы болған. Оның Waka Waka әні 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионатының ресми гимні болып, кейін турнир тарихындағы ең танымал футбол әндерінің біріне айналды.
Ал, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында үш елде – Канада, АҚШ және Мексикада өтеді.