«Самара-Шымкент» тасжолының бойында болған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Апатқа ұшыраған автобуста Өзбекстанның 49 азаматы болған. Оның бесеуі оқиға орнында көз жұмды.

«Пермь-Ташкент» бағытында қатынайтын автобус Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Ұлғайсын ауылы маңында аударылған. Жарақат алғандар ауруханаға, қалғандары Қарабұтақ ауылындағы қонақ үйге жеткізілді. Апаттың себебі анықталуда.

Айбек Борашев, Облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- «Самара-Шымкент» тасжолының 1023 шақырымында автобус көлігі аударылып соның салдарынан бес жолаушысы қаза тауып, 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.