Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шақуовтың айтуынша, жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан жеті адамның бесеуі – Сурдлимпиада ардагерлері болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Арсен Шакуов Facebook-парақшасында жазды.

Қаза тапқан спорт ардагерлерінің есімдері:

  • Асыл Ибрайымов – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы.
  • Дмитрий Мочальский – шахматтан Сурдлимпиада чемпионы, шахматтан есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы.
  • Сәкен Смағұлов – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
  • Сергей Волковинский – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
  • Серік Молдашев – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеті адам мерт болды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.