Астанада Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XIII халықаралық жиын басталды. Биыл іс-шара аясында өндірістік бақылауды цифрландырудан бастап корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін дамытуға дейін барлығы 10 тақырыптық сессия өткізу жоспарланған. Жиын аясында еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге арналған көрме өтті. Мұнда Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Пәкістан , Ресей, Румыния, Түркия сияқты 12 елден 91 компания өз өнімдерін ұсынды. Олар жеке қорғаныс пен мониторингтің соңғы құралдарынан бастап цифрлық технологиялар мен персоналды оқыту бағдарламаларына дейінгі өнімдердің кең спектрін көрсетті. Конференция 30-мамырға дейін жалғасады.

Ерболат Абулхатин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитет төрағасының міндетін атқарушы:

Көрменің басты мақсаты – еңбек қауіпсіздігінің цифрлық шешімі. Қазіргі таңда енді көптеген өндірістік жұмыстардың барлығы еңбек қауіпсіздік бақылау мониторинг жұмыстары бұрынғыдай емес. Қазіргі жаңа технологиялар цифрландырылып жатыр, соның тәжірибесімен мына шетелден келген компаниялар өздерінің қаіуіпті өндірісте қолданып жатқан оң тәжірибелерін және жаңа технологияларын көрсетіп жатыр.

Ернұр Медет