Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда қыркүйекте 5 шетелдік жоспарлаған террорлық актінің алдын алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 адам қамауға алынды. Осы кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", — деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның алтауы — шетелдіктер.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget