2025 жылы мереке сенбіге түсіп тұрғандықтан, «Мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
- 5 күндік жұмыс аптасы бар адамдар үшін 25-тен 27 қазанға дейін үш күндік демалыс болады.
- 6 күндік жұмыс аптасындағылар үшін 25 және 26 қазан демалыс болып, 27 қазан жұмыс күні болып саналады.
Республика күні Қазақстанда 2022 жылдан бері қайта қалпына келтіріліп, жыл сайын тойланып келеді.