Газада су тұшыту қондырғысы қалпына келтірді. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілі Тесс Ингрэм хабарлады. Қажетті құрал жабдықтар бұған дейін қауіпсіз жерге көшірілген еді. "Қарулы қақтығыс аяқталды, енді Газа тұрғындары судан таршылық көрмеуі керек",- дейді ұйым өкілдері. ЮНИСЕФ Газа аймағына азық-түлік, ауызсу және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар тиелген 1300-ден астам жүк көлігін жіберуге дайын.