1/8 финалда Елена Рыбакина Чехия теннисшісі Линда Носковамен кездеседі.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Теннис Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирінің үшінші кезеңіне өтті.
Екінші айналымда қазақстандық спортшы Румыния өкілі Жаклин Кристианмен кездесті.
Кездесу екі сетке созылып, Рыбакина 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.