Халық саны 20 млнға жуықтайтын елімізде 26 млн ұялы телефон тіркелген.

Мұны мамандар әр жан басында бір емес, бірнеше құрылғының болуымен түсіндіреді. Былтыр елде шамамен 1,6 млн смартфон сатылған. Алайда оның жартысынан астамы елге заңсыз әкелінген гаджеттер. Салдарынан салық органдары 70-80 млрд теңгеден қағылып отыр. Көлеңкелі сауда-саттық арқылы жеткізілген 4 млнға жуық құрылғы бүгінде заңдастырылды.

Халық саны — 20 млн

Ұялы телефондар — 26 млн

2024 сатылды — 1,6 млн

50% астамы заңсыз әкелінген

Салық тапшылығы ₸70-80 млрд

Заңдастырылды — 4 млн