Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстан Ұлттық Ұланының лейтенантына диплом табыстады. Офицер Анкарадағы әскери академияны аяқтаған. Түркияның ресми шақыртуымен іс-шараға бізден арнайы делегация және оқу орнын бітірген тағы 9 офицер барды. Бұл сапар Қазақстанның Ұлттық Ұланы мен Түркия Жандармериясы арасындағы кәсіби байланысты нығайтып ынтымақты тереңдетуде маңызды қадам саналады.
Асхат Сұлтанахмет, Жандармерия және жағалау күзеті академиясының түлегі:
Бес жыл академияда Түркия мемлекетінде оқуды бітірдім. Бауырлас елден алған біліміміз алдағы жұмысымызға, Қазақстан Республикасына көмегін тигізеді деген ойдамыз. Қазақстан Республикасының әр азаматы өзінің еліне, жеріне қызмет еткені дұрыс деп ойлаймын.
Жанел Өтеулі