Мемлекет басшысы China Energy Engineering Group компаниясының бас директоры Ни Чжэнмен кездесті.
Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен бірлескен жобалардың жай-жапсарын қаузады. Кездесуде электр желілерінің инфрақұрылымын жаңғырту, дата-орталық салу, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу арқылы электр қуатын өндіру сияқты ауқымды жобалар талқыланды. Energy China компаниясы еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын тұрақты электр желілерін салуға ниет танытты. Сондай-ақ жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру мүмкіндігін де қарастырып отыр.