101 жыл бұрын (1924-2013) әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының құрметті азаматы Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВ дүниеге келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақмола облысының Ақкөл ауданында туған. 1943 жылы Кушка қаласындағы (Түрікменстан) пулемет училищесін бітіргеннен кейін майданға жіберілді. Солтүстік Кавказ, 4-ші Украин және 1-ші Беларус майдандарында взвод, рота және батальон командирі болып, Польша жерінде Пилица өзенінің сол жағалауындағы плацдарм үшін болған ұрыста ерекше ерлік көрсетті.
1949 жылы Мәскеудегі Әскери академияны бітіріп, Түркістан әскери округі штабында істеді. 1954-1958 жылдары мотоатқыштар полкінің командирі. 1958-1961 жылдары мотоатқыштар дивизиясының штаб бастығы. 1962-1969 жылдары Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы.
1969-1989 жылдары Орта Азия әскери округі қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскери тобы қолбасшысының бірінші орынбасары.
1991-1992 жылдары ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы.
1992-1995 жылдары Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі. 1995-1996 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. С.Нұрмағамбетов Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуде, республиканың Қарулы күштерін құруда, ұлттық кадрларды даярлауда үлкен еңбек сіңірді. 1999 жылы наурызда
Астана қаласында генерал Сағадат Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі құрылды. Тәуелсіз еліміздің қарулы күштерінде қызмет ететін болашақ сарбаздар осы мектеп қабырғасынан тәрбиеленіп шығады.
«Ленин», 2 мәрте «Қызыл жұлдыз», 1,2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі», «Қазан төңкерісі», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Отан» ордендерімен, медальдармен, шет ел орден-медальдарымен марапатталған.