Катонқарағай ормандарында жүріп-тұруға тыйым салынды. Ұлттық парк әкімшілігі аймақта өрт қауіпі жоғары деп хабарлады. Сол себепті тұмса табиғатты қызықтап келушілерді аумаққа уақытша кіргізбейтін болды. Қазір шеті көрінбейтін ну орманда 5-дәрежелі өрт қаупі жарияланған. Яғни паркте жасалған кез келген оғаш қылық пен бейқамдық табиғи апатқа әкеп соғуы мүмкін екен.

Алдияр Айтбай