Биыл Абайдың 180 жылдығы 10 күнге созылады, деп хабарлайды 24kz.

Осыған орай Абай облысында 100-ден аса шара өтеді. Ұлы ақынның рухани мұрасы дәріптеліп, ұлттық болмысты жаңғыртуға басымдық беріледі. 1 тамызда «Абай академиясы» энциклопедиялық порталы ашылып, Алакөл жағасында үлкен концерт өтеді. Тұрғындар жыр мүш-әйрасын, айтыс пен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар тамашалайды. Мереке 10 тамызда эстрада әншілерінің қатысуымен болатын гала-концертпен түйінделеді. Ал күзде Италияда Абайдың бюсті ашылады деп жоспарланған.

Жанжігіт Омархан, Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

- Тағы қайталап айтқым келеді, бұл ешқандай да мемлекеттік бюджеттің есебінен емес, демеушілердің тарапынан іске асып жатқан шара. Сондықтан күзде бұйыртса, халықаралық деңгейде Абайдың бюсті Римде қойылады.

Бекжан Бапышев, Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы:

- Біздің бейбітшілік аралы сол жерде этноауыл құрамыз. Бұл этноауылда 10-ға дейін киіз үйлер тігіледі. Оларда көрме ұйымдастырылады. Семей қаласының мейрамханалары өздерінің дәм-тұздарымен таныстыратын болады. Ол жерде ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылады. Концерттік шарамен қамтылады.