Frank Media агенттігі әлем елдерінің алтын қоры бойынша 2025 жылғы жаңартылған рейтингін жариялады , деп хабарлайды Egemen.kz.

Көш басында – АҚШ. Маусым айының басында елдің алтын қоры 8,1 мың тоннаға жетіп, бұл көрсеткіш бойынша бірінші орынды сақтап қалған. Оның 4,6 мың тоннасы Кентуккидегі әйгілі Форт-Нокс қоймасында сақталған.

Екінші орында – Германия. Елдің қоры 3,35 мың тонна деп бағаланған. Алайда соңғы жылдары Берлин алтынды белсенді түрде сата бастағандықтан, бұл көлем 100 тоннаға қысқарған.

Үшінші орын – Италия (2,45 мың тонна), ал төртінші орын – Францияға тиесілі (2,43 мың тонна). Францияның алтын қоры 2009 жылдан бері өзгермеген.

Бесінші орында – Қытай, онда да 2,43 мың тонна алтын бар. Ресей алтын көлемі бойынша алтыншы орында. Елдің нақты көрсеткіші ресми түрде жарияланбаса да, Bloomberg агенттігі Ресейдің қорында 2,33 мың тонна алтын барын хабарлаған.

Ал үздік ондықты мына елдер түйіндейді:

  • Швейцария – 1,04 мың тонна;
  • Үндістан – 880 тонна;
  • Жапония – 845,97 тонна;
  • Түркия – 623,92 тонна.