Қазіргі қоғам адамзат болашағына стратегиялық ықпалы зор салаларға айрықша назар аударады. Сондай бағыттың біріне ғарышты зерттеу жатады. Шалғайдағы галактикалардың суреттері мен қара құрдым туралы белгілі болған деректердің бәрі физикалық үрдістерді талдаумен айналысатын мамандар еңбегінің нәтижесі. Алматыдағы Астрофизика институтында нағыз майталман мамандар көп жыл бойы еңбек етіп келеді.