Асқазан обыры — әлемдегі ең қауіпті онкологиялық аурулардың бірі. Жыл сайын бұл дерттен мыңдаған адам көз жұмады. Бірақ бұл аурудың алдын алуға немесе ерте кезеңде анықтауға болады. Себептері, белгілері мен алдын алу жолдары туралы Алматы онкологиялық орталығының онколог дәрігері Нұрсұлу Пухарбекова айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Аурудың себептері:

  • Тұздалған, қақталған, қуырылған тағамды жиі тұтыну;
  • Темекі шегу;
  • Алкогольді шамадан тыс қолдану;
  • Helicobacter pylori инфекциясы;
  • Тұқымқуалаушылық;

Аурудың белгілері:

  • Жиі жүрек айну, құсу;
  • Етке жиіркеніш;
  • Кенет салмақ тастау;
  • Әлсіздік, тез шаршау;
  • Тамақтан кейін тез тойып қалу;
  • Қан құсу немесе нәжісте қан болуы;

Диагностика шаралары:

  • ФГДС (гастроскопия) + биопсия;
  • Helicobacter pylori анықтауға арналған талдау;
  • УДЗ / КТ / МРТ;
  • Онкомаркерлер;

Емдеу жолдары:

  • Хирургиялық операция;
  • Химиотерапия;
  • Таргеттік терапия;
  • Иммунотерапия;

Алдын алу:

  • Көкөніс пен жемісті көп тұтыну;
  • Темекіден бас тарту;
  • Тұзды, қуырылған, қақталған тағамды азайту;
  • H. pylori-ге тексерілу;
  • 40 жастан кейін ФГДС тапсыру міндетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget