Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстер 28 маусымнан бастап уақытша тоқтатылады.

Оған Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс себеп болып отыр. Бұл жайында Air Astana компаниясы мәлімдеді. Ал Дубайға Астана мен Алматыдан қатынайтын ұшақтар Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып өтеді. Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау немесе билеттің толық құнын қайтару ұсынылып отыр.