Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның тұңғыштары мектеп бітіріп, "Алтын белгі" иегері атанған еді. Алайда әншілер отбасынан шыққан ұлдың әрекеті көпке жақпай қалды, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Аузында сағыз, көзінде көзілдірік. Оқушы сияқты болмай ма?», «Аттестат алатын бала мүғаліміңді сызып тұрған жоқ. Өркөкіректік басым болып тұр», «Неге осы шіреніп кетеді жап-жас болып? Мұғалімнің қолын алғанда көзілдірігін шешіп кұрмет көрсету қиын ба? «Алтын белгі» құтты болсын, бірақ сыйлау жағы ұяттау сияқты», деп жазды желі қолданушыларының бір бөлігі.
Ал Тоқтар Серйік болса, баласының әрекетін ақтап, көпшілік сынына төмендегідей жауап берді.
«Көп рақмет құттықтауларыңызға. Баршаңыздың балаларыңызға бүйырсын. Балапаным қуанғаннан аузындағы сағыз бен көзіндегі көзілдірікті де ұмытып кетіпті. Балада тәртіп пен білім болмаса оған «Алтын белгіні» кім берсін?! Өзінің адал еңбегі. Аллаға шүкір! Ұстаздарымызға мың алғыс! Беколжасыма көп рақмет. Тіл көзден аман болсын. Балапаным ақ жол! Арманың орындалсын. Алла жар болсын», — деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Тоқтар Серіков & Бейбіт Сейдуалиева (@toktar_beibit)