Алматыдағы Orda City тұрғын үй кешені сот шешімімен сүріліп жатыр. Заңсыз нысан «Теректі» шағынауданында орналасқан. Әкімдіктің хабарлауынша, мердігер құрылысты заңсыз жүргізген. Оны Құрылыс бақылау басқармасы анықтап, сотқа арыз берген. Сот нысанның заңсыз екенін дәлелдеген .

Қалалық Құрылыс бақылау басқармасы азаматтарға жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын тұрғын үй кешеніне қатысты барлық құжаттарды тексеруге кеңес береді. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қаладағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтіліп жатыр.