Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Саптық таралым маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар қарсаңында жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындауға дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылған.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне елорда аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтарға жедел ден қою, жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру және тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша нақты міндет жүктелген.

Сонымен қатар, азаматтар көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындармен сыпайы әрі әдепті қарым-қатынас орнату мәселесіне ерекше назар аударылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget