Жолдағы мұзды кетіру үшін қолданылып келген тұздан бас тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Себебі оның топыраққа, жасыл желекке және қала экожүйесіне зиянды әсері бар. Оның орнына арнайы базаға енгізілген басқа материалдар қолданыла бастады.
Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының дерегінше, базаға бес отандық мұзға қарсы материал тіркелген. Олар құрғақ және сұйық түрінде шығарылады, құрамында хлорид жоқ. Бұл жолдарға және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға тиіс.