Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы 2025 жылдың 2 маусымына жоспарланды. Бұл жөнінде процесті жүргізіп отырған судья Ержан Жанұзақов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы .
«Келесі отырыс 2 маусым күні сағат 10:00-де өтеді. Сол уақытқа дейін жәбірленуші тараптың өкілдерінен бүгінгі мәлімделген айғақтарды қорғау жағына табыстап, жарыссөзге толық дайындалуды сұраймын», — деді судья Жанұзақов.