Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерлер арасында өткен жекелей сайыстың финалында ол мысырлық Омар Ассармен кездесті.
Кирилл Герасименко шешуші ойында 4:1 есебімен жеңіске жетіп, кеткен есесін қайтарды.
Еске салайық, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында жолыққан еді. Ол кезде мысырлық спортшы жеңіске жеткен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!