Бүгін Ақордаға Вашингтоннан мәртебелі меймандар келді.

АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Кристофер Ландау Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізу үшін арнайы келді. Бүгін тараптар екі мемлекет арасындағы байланыс нығайту мен әріптестік аясын кеңейту жайын талқыламақ.

Кеше мұхит асып келген делегация Алматы қаласына барған. Ол жақта меймандар бизнес өкілдерімен және түрлі компания басшыларымен кездесу өткізіп, экономикалық байланыстарды нығайту жайын қарастырған болатын.