Алдағы 5 жылда жасанды интеллект нарығы 1,8 трлн долларға жетеді. Бұл – БҰҰ-ның болжамы.

Былтыр бұл салаға 328 млрд доллар тартылған. Жалпы дүниежүзінде «ақылды» технология негізінде жұмыс істейтін бағдарламалар мен жобалар нарығы жылда 28%-ке артып отыр. Германияның Statista аналитикалық компаниясының болжамына қарағанда, ғасыр ортасына қарай бұл көрсеткіш 57%-ке жетуі мүмкін. AI технологияларын дамытуда сөзсіз көшбасшы бұл – АҚШ. Ізінше Қытай тұр. Үздік үштікті Ұлыбритания аяқтайды.