ҚызПУ студенттері Қазақстандағы әйел құқықтарын қорғау реформаларымен мақтануға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматыдағы Қыздар педагогикалық университетінде білім алып жүрген Жаңа адамдар белсенділері әйелдердің құқықтары мен қорғалуын күшейту үшін қабылданған заңдар мен реформаларға мақтаныш сезімін білдірді. Олар жатақхана балкондарында «Бүгін мен Қазақстанда сталкингтен қорғалғанмын», «Бүгін мен Қазақстанда “Алып қашудан” қорғалғанмын», «Бүгін мен Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғалғанмын» деген жазуы бар қолдан жасалған баннерлерін ілді. Әр жазбада ҚР Қылмыстық кодексінің нақты баптарына сілтеме жасалған.
2024 жылы некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді (ҚР ҚК-нің 125-бабы), тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық үшін жауаптылықты күшейтуге бағытталған қылмыстық және әкімшілік заңнамаға түзетулер қабылданды, сондай-ақ әйелдерді қорғау жөніндегі ІІМ-нің арнайы басқармасы құрылды. Жуырда ҚР ҚК-не жаңа 115-1-бап енгізіліп, сталкинг «қауіп төндіретін, адамның еркінен тыс қудалау» ретінде бекітілді.
Соңғы жылдары Қазақстанда әйелдердің құқықтарын нығайтуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған елеулі реформалар жүргізілді. Мемлекет азаматтық қоғамның белсенділігі мен сұранысын ескере отырып, заңнамалық нормаларды дәйекті түрде қабылдап келеді. Соның нәтижесінде дискриминация мен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға мүмкіндік беретін, жоғары деңгейде құқықтық қорғанысты қамтамасыз ететін берік құқықтық негіз қалыптасты.
Шапенова Аяулым, Жаңа адамдар — ҚызПУ студенті:
«Бүгін мен Қазақстанда өзімді қауіпсіз сезіне аламын, әйелдің қоғамдағы рөлі біз ҚызПУ балкондарына ілген негізгі құқықтар мен заңдар арқылы бекітілген. Сонымен қатар, азамат ретінде біз құқықтардың өз жауапкершілігімізге тең екенін түсінеміз: заңдағы нормалармен бірге сол нормаларды санамызда да қалыптастыруымыз қажет. Әр адамның жеке жауапкершілігінен қоғамда заң мен тәртіп орнығады. Бүгінде Қазақстан өзгерістер бағытына бет бұрды, сонымен бірге қоғамдағы мәдениет те, әйелдің рөлі де өзгеруде».
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы ???????? (@zhana.adamdar.almaty)