Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқушылар мінген автобус Hyundai Accent көлігімен соқтығысты. Оқиға "Сокол" саяжай алабы аумағында болған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға қарағанда, автобус пен көлік соқтығысқаннан кейін жол жиегіне шығып кеткен. Балалар автобустан шыққан, олардың ешқайсы зардап шекпеген.

Алматы облысы ПД мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі бұрылған кезде автобусты жібермей, жол апатына себеп болған.

"Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал оның жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Басқа зардап шеккендер жоқ", – деді Алматы облысы ПД өкілі.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы облыстық ПД басшылығының бақылауында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget