Биыл маусымнан бері "Қарасора-2025" операциясы өткізіліп жатыр. Операция барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақ қолданылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үш ай ішінде тікұшақтар 40 рет ұшып, нәтижесінде 20 есірткі егістігі анықталған. 5 мыңнан аса есірткі өсімдігі жойылып, 1 тоннадан аса салмақта есірткі тәркіленген.
"Ұлытау облысында есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен орталық және солтүстік аймақтарға жеткізу арнасы әшкереленді. Құрамында төрт адам бар қылмыстық топ ұсталды. Олардан жол талғамайтын көліктер, оқ-дәрілері бар атыс қаруы және таратуға арналған 103 келі марихуана тәркіленді", — деп жазылған хабарламада.
Жамбыл облысында 206 келіден аса есірткі, Батыс Қазақстан облысында 47 түп, жалпы салмағы 135 келі есірткі тәркіленді. Түркістан облысында 650 келіден аса қарасора мен 48 келі көкнәр тәркіленді. Жезқазған және Сәтбаев қалаларында жалпы салмағы 43 тоннадан аса көкнәр тәркіленді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!