Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында зейнетақы жүйесі туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Президенттің пікірінше, демография және еңбек нарығындағы үрдістер зейнетақы жүйесіне қатысты ұстанымдарды қайта қарауды қажет етеді.
"Азаматтардың, әсіресе, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған адамдардың зейнетақы жинағы аз екені байқалады. Үкімет Ұлттық банкпен, сондай-ақ, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын ойластыруы керек", — деді Тоқаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!