Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде әкесін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады. Облыстық Полиция департаменті өкілі осы жайтқа пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады", — деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ІІМ | МВД РК (@qriim_mvdrk)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget