Интернет алаяқтары қазіргі заманның басты проблемасы. Әккілер әртүрлі айламен сенімге кіріп, жеке мәліметтерді иемденуге тырысады. Талай адам солардың құрығына түсіп, қалтасындағы қаржысынан айырылып қалды. Осыған байланысты біз қала тұрғындарынан «Интернет алаяқтарынан қалай қорғанасыз?» деп сұраған едік.
Сауалнама:
- Сол телефон соқса алмаймыз, смстеріне жауап бермейміз.
- Егер күдікті номер болса, просто не поднимаю.
- Досымның атынан жазды. 180 мың теңге сұрады. Ертең берём, қайтарып берём деп. Ол ешқашан олай жазбайтын. Сразу түсіндім, бұл алаяқтар деп. Хабарласып сұрадым, ол емес екен.
- Парольді ешкімге бермеймін. Картаның кодтарын ешкімге бермеймін, жібермеймін.
- Интернет оплатаны, яғни онлайн төлемді соны жауып қойдым. Кім көрінгенге кодты айта бермеу керек. Болды, бастысы сол.
Ернұр Медет