Алматыда биылғы жарты жылдың өзінде алимент бойынша берешек 8 млрд теңгеге жетті.

Қазір сот орындаушылары қарызды өндіру үшін жұмыс істеп жатыр. Алиментпен қоса ана мен баланың құқығын қорғау мен зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселер сенатор Жанна Асанованың қатысуымен өткен кездесуде талқыланды. Сенат депутаты «Жансая» дағдарыс орталығына арнайы барды. Қазір бұл жерде 12 ана мен 25 бала осы мекеменің қамқорлығына алынған. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, қарыздың қордаланып қалуының бірнеше себебі бар. Бірі расымен жұмыссыз. Сонымен қатар табысын жасырып, бауыр еті баласына қамқорлық танытудан қашатындар да баршылық.

Жанна Асанова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бәріне де тиесілі болатын бәрі сол жағдайды орындай алатын заңдылықты қарастырылып, өзгерістерді екі палата депутаттары болып қосылып, біз заң жобасын әзірледік. Алимент туралы заң жобасы деп аталады. Бір ғана заң емес, ол бірнеше кодекске бірнеше өзгерістерден құрылады. Мемлекеттік экспертизада жатыр. Алимент туралы заңды Мәжілісте осы келесі сезонда кіргізіп қарастырамыз деген үміттеміз.