Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мәдени шаралар аясында Семейде ерекше сән кеші өтті, деп хабарлайды 24kz.
Ол үш күнге созылып, түрлі тақырыпты қамтиды. «Кеш қазақ халқының бай мұрасын заманауи сәнмен ұштастырады», — дейді ұйымдастырушылар. Сән көрсетілімі кезінде жас дизайнерлердің экологиялық әрі заманауи топтамалары ұсынылды. Қонақтар ұлттық өнер мен жаңа сән үлгілерін тамашалап, шығармашылық иелерімен пікір алмасты.
Маржан Бахатова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
- Қазақстанның түкпір түкпірінен келіп отыр. Бұл кісілердің туындыларынан ұлттық өнерді де қазақтың ұлттық болмысын ашып айқындап беретін үлгілерді көруімізге болады. Яғни, осы жобаның басты мақсаты сол.