Қызылорда полицейлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 7700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартты , деп жазады Egemen.kz.
Абаттандыру қағидаларын бұзған 4641 дерек, ал ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 3115 құқық бұзушылық тіркеліп, 60 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Іс-шара барысында 23 мобильді топ құрылып, 4378 рейд жүргізілді. Нәтижесінде облыс көлемінде 504 заңсыз қоқыс тастау орны анықталыпты. Көпқабатты үйлер ауласындағы, сондай-ақ қала маңындағы кейбір аудандарда бей-берекет тасталған қоқыстар экологиялық жағдайға кері әсерін тигізіп отыр.
Полицейлер әлеуметтік желілердегі осы мәселені көтерген жарияланымдарды бақылап, өз құзыреті аясында тиісті шаралар қабылдайды.