Алатау қаласы — бүкіл елдің дамуына тың серпін беретін перспективасы зор бастамалардың бірі. Шаһардың бас жоспарымен танысқан Сенат Төрағасы осылай деді.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл Алматы агломерациясына да оң ықпал етеді. Шаһарда мәдениет және туризм орталығы, білім және медицина аймағы, іскерлік және қаржы орталығы, сондай-ақ, индустриялық-логистикалық аудан сияқты төрт салалық кластерді қамтитын арнайы экономикалық аймақ құрылған. Ал жоспарға сәйкес, мұнда 400-ден астам әлеуметтік нысан салынып, 2050 жылға қарай жаңа қаланың тұрғындары 2 миллионға жетуі мүмкін. Алатау қаласы былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылғанын айта кетейік.

Темірлан Нұржанұлы