Ақтауда «КазАзот» зауытында болған төтенше оқиғаға байланысты, құзырлы орган өкілдерінен құралған арнайы комиссия тергеуді бастады.

Шілденің18 күні аталған зауытта жылу цехында газ-ауа қоспасы жарылып, 4 адам түрлі жарақат алған еді. Жұмысшылар рұқсат құжатынсыз іске кіріскен және қайтарымды цикл құбыр желісіндегі ақауды жою кезінде газ кескіш құралын пайдаланған. Салдарынан жарылыс болған. Дәрігерлер екі науқастың жағдайы ауыр екенін айтады.

Аягөз Оралбайқызы