Премьер-министр Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық және гуманитарлық бастамалар мен жаһандық қауіпсіздікті нығайту жолында бірлесе күш жұмылдыру жайын талқылады. Оған қоса «Хирошима – Семей» бастамасын жалғастырудың, сондай-ақ өзара білім алмасудың маңызды екені атап өтілді .
Сондай-ақ екі жақ ядролық қаруды таратпау туралы шарттың алда өтетін Шолу конференциясы шеңберінде де, бірлескен жұмысқа әзір екенін айтты. Былтыр Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд долларға жетті. Бүгінде елімізде 60-тан астам жапониялық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Соңғы 20 жылда жапон бизнесі Қазақстан экономикасына шамамен 8,3 млрд доллар инвестиция салған.
Нұрсұлтан Тілектес