Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды. Президенттің сапары ертең Бейжің қаласында жалғасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады.