Блогер Елдос "Колобок" жеке басына қатысты "Экомед" клиникасының қызметкері Перизат Байқошқарованың желіде тараған видеосына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жұбата алмай отырмын. Біздің емге қатысы жоқ адам біз туралы не басы не аяғы жоқ әңгіме айтып, халық оны түсінбей, әркім өз түсінгені бойынша таратып келіншегімді жылатып отыр. Кім жауап береді? Не қателік кетті? Ең жаманы – кеше ғана мақтап отырған клиникаға өкпе реніш айту. Біз ел қатарлы пациентпіз! Ақшасын төлеп қызметін алдық. Жарнама жасауға, мақтауға, насихаттауға келіспедік. Тек біз сияқты бала сүйгісі келіп қиналып жүрген жандар осындай күшті жер бар екенін білсінші деп едік, енді өзіміз күйіп отырмыз... Ұят-ай! Енді не істейін? Медициналық этика қайда? Бастаған соң бас аяғын толық айту қайда? Бірден түсініп "ааа, бәсе” дей салатындай елдің бәрі дәрігер емес қой», – деп жазды Елдос «Колобок».
Елдостың айтуынша, оның жүрегіне әйелінің жылағаны қатты батқан.
"Өмірі позитивті нотада жүретін отбасы едік... Ешкіммен қырылмайтын, ешкіммен ұрыспайтын, ешкімді ренжітпеуге тырысатын едік, өзіміз ренжісек максимум боқтап бұғаттап тастайтын едік. Бұл жолы әңгіме басқаша... Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді. Әйеліммен баламыз жоқ деп жылаушы едік. Енді Алланың қалауымен бәлембай жылдан соң жүкті болып әйелімнің тағы жылап жүргені жаныма батты. Еш жаман ойымыз, ниетіміз жоқ, тек елге түсіндіріп айтқымыз келеді", — деп түйіндеді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Yeldos Kadirkhanov (@eldos_kalabok)