Өзбекстанда осы аптада күн 43 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл басы ғана. Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы шілде-тамыз айларында 55 градусқа баруы ықтимал. Әсіресе, елдің оңтүстік өңірлері мен шөлді аймақтарында сынап бағанасы күндіз көтерілмек. Мамыр айы бойына аптаптың беті қайтады. Мамандар мұндай жағдай бұрын соңды болмағанын айтады. Қалалық жерлерде жауын-шашын азайып, Ташкент облысының таулы аймағы мен Ферғана даласына ғана біршама ылғал түскен. Күннің күрт ысуы өңірлерде сел жүру қаупін туғызуы мүмкін. Сондықтан шалғайдағы ағайынға алдын ала қамданып, ал қала тұрғындары мен туристерге күндізгі серуен барысында ба скиім киіп жүруге кеңес берілді.