Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты сот үкімінен кейін соққыға жығып кеткені туралы желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Желіде таралған мәліметтерге сүйенсек, Қаржаубай ауруханаға түсіп қалған, оны «хуторлықтар» ұрып, видеоға түсіріп, таратып жіберген.

Осы ақпаратқа қатысты Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев түсініктеме беріп, жағдайынан хабардар етті.

«Қазіргі уақытта Қаржаубайға қатысты әлеуметтік желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар тарап жатыр. Аллаға шүкір, Қаржаубай аман-есен, дін аман. Оған ешкім зиян келтірген емес. Сол себепті мұндай ақпараттарға сене бермеңіздер. Желіде өзге де жалған ақпараттар тарап жатыр. Біз осыған қатысты жақында түсініктеме береміз», — деді адвокат Мейірман Шекеев.

Айта кетейік, Шерзат Полат ісі бойынша жуырда сот үкімі жарияланып, сотталушылар арасында басты күдікті болып саналған Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)