Қара жол бойындағы қасіретті жағдайлар азаймай тұр. Кеше түнде Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында екі жеңіл көлік жылқы соғып, бірі жанып кетсе, екіншісі аударылған. Жантүршігерлік апат салдарынан «Киа Рио» автокөлігіндегі екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Үшеуі ауруханаға жеткізілді. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.
Алмагүл Тұрсымбаева, облыстық ПД аға инспекторы:
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жылқы иесін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау туралы, ал үй жануарларының иелеріне малдың бақылаусыз жайылуына жол бермеу туралы еске саламыз.
Бибінұр Әмірханқызы