Павлодар облысы аумағындағы қарағайлы орманға 14 жерден найзағай түсіп, өрт шықты. Оның екеуі қырдағы қау шөпті жайпап жіберді. “Ертіс орманы” резерватының қызметкерлері түні бойы тілсіз жаумен арпалысып, таң ата өртті толықтай өшірді. Айтарлықтай шығын жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, резерват биыл автопаркі мен өрт сөндіру құралдарын жаңартқан болатын. Наурыз айында заманауи 34 шағын өрт сөндіру кешені мен 15 трактор сатып алынды. Орманшылардың айтуынша, найзағай отынан шыққан түнгі өртті тұмшалауға жаңа техниканың көмегі зор болды.

Болат Аманбаев